Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!
Submitted by moderator on Бс, 04/20/2017 - 17:27
Жіті респираторлы вирусты жұқпа (сосын ЖРВЖ) және тұмау – әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан адамдарда кездесетін барлық аурулардың арасында бірінші орынды иеленеді. Инфекциялық патологиялардың 90% ЖРВЖ және тұмаудан кейінгі аурулармен байланысты болады. Әдетте, күз, қыс және көктем кездерінде ЖРВЖ мен тұмауға шалдығу жиі кездеседі. Әсіресе, жиі ауыратын балалар мен ересектер, иммундық қабілеті төмен, созылмалы ауруларды бар адамдар науқастанады.
Тұмауға шалдығу адамдармен сөйлесу кезінде, жөтелгенде, түшкіргенде, тұмау вирусымен зақымдалған тұрмыстық заттар мен кір қол арқылы да жұғады. Науқас адам болған жерде бірге болу – ауруды жұқтырып алуға жетіп жатыр. Науқас адам жөтелгенде, сөйлескенде не түшкірген кезде ауаға тұмаудық қоздырғыштары бөлініп, ол сау адамның ағзасына ауыз арқылы кіріп, одан әрі көбейе бастайды. Аурудың белгілері 1-3 күннен кейін біліне бастайды.