«Семей қаласының
№ 6 емханасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Абай обл., Семей қ., Шәкәрім даңғылы 149

mu_pst6@bk.ru
www.pst6.kz

8(7222) 50-63-33
8(7222) 50-68-63

Бас дәрігердің блогы

Клиниканың жетекшісі - жоғары санаттағы дәрігер Қаметова А.М.

Науқастарды қолдау жүйесі

Қызмет көрсету тәртібі.

Сұрақ-жауап

Біз сайтқа келушілер жіберген сұрақтарға жауап береміз.

Скрининг

  ҚҰРМЕТТІ  ТҰРҒЫНДАРЫ!

   «Семей қ.,  «Аралас үлгідегі  №6 емхана» Медициналық мекемесі, мекенжайы: Шәкәрім данғылы 149а,

Сіздерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде скринингті тексерумен қамтамасыз етеді.

Қан айналым жүйесін және қант диабетін ерте диагностиканың мақсатымен бүкіл тұрғындар алдын алатын тексерісті мына жаста өтуге тиісті: 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жаста.

Тексерулер жүргізіледі:

-антропометриялық өлшеулер жүргізуі (салмағы, бойы, белдің көлемі):

-терапевтің, ЖПД тексеруі;

-Скрининг-тест бойынша сұрату жүргізу;

-жалпы холестерин мен қан глюкозасының экспресс-диагностикасын жүргізуі;

-электрокардиография.

Емханада «Артериялық гипертония мектебі» қызмет етеді.

Глаукоманы ерте анықтауға скринингтік тексерулер жүргізіледі:

 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62,64, 66, 68, 70 жаста.

 Көзішілік қысымды өлшеу

Сүтбезінің ісік алды және ісік ауруларын ерте анықтауға скрининг жүргізіледі

50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдерге.

-маммография

Ісік алды ауруларын және жатыр мойнын ерте анықтауға скрининг жүргізіледі:

30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдерге.

-цитологиялық зерттеу

Жуан және тік ішектердің ісік алды және ісік ауруларын ерте анықтауға скрининг жүргізіледі:

 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы бүкіл тұрғындарға.

-гемокульт-тестті жүргізу

Асқазанның обырының және өңеш обырының ерте анықтауға скрининг тексеріс жүргізіледі:

50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы бүкіл тұрғындарға.

Еркекбездің обырының ерте анықтауға скрининг тексеріс жүргізіледі:

50, 54, 58, 62, 66 жастағы еркектерге.

Бауыр обырының ерте анықтауға скрининг тексеріс жүргізіледі:

Цирроз бауыры бойынша «Д» есепте тұратын, науқастарға.

ҚҰРМЕТТІ  ӘЙЕЛДЕР!

   Жүкті әйелдерге тексеру тегін және қан алу:

-құрсақтық жұқпаға;

-іштегі нәрестенің дамуының туа біткен кемістігі;

-жыныстық жолмен және АҚТҚ (ЖИТС)-н берілген, жұқпаға;

-УДЗ

Жүктілік ішінде  уақытында алдын алу және жүктіліктің асқынуын түзету үшін  Сіз акушер-гинекологқа тағайындалған уақытта келуге тиістісіз.

Емханада «Жүкті әйелдерді босануға даярлау мектебінде» отбасының мүшелерімен тегін сабақтар жүргізіледі.

Отбасын жоспарлау, контрацепцияны таңдау әдісі бойынша тегін, жасырын консультация жүргізіледі.

Құрметті ата-аналар!

   Медицина қызметкерлері 1 жастан бастап 18 жасқа дейін балаларға профилактикалық медициналық тексеруді тегін жүргізеді, мыналарды қамтиды:

-тексеру: педиатрмен, жасөспірімдер дәрігерімен, отоларингологпен, невропатологпен, стоматологпен, эндокринологпен, гинекологпен

-зертханалық зерттеулер: қанның жалпы талдауы, жалпы несеп анализі, ішек-құрттар жұмыртқасын тексеруі (бүкіл жастағы балаларға), қанның тобы, резус-ықпал, ЭКГ (15 жас), флюорография.

   Мешелді және асқазан-ішек инфекциясын алдын алу мақсатында, сонымен қатар 1 жастан 5 жасқа дейін балалардың амбулаториялық жағдайында ауырған болса тегін рецепт бойынша дәрілік заттар мына аурулардың түрі бойынша  босатылады: обструкциялы бронхит, жіті респираторлық ауру, жіті фарингит (тонзилит), жіті бронхит, гипофизарлық нанизм, ерте жыныстық дамуы, фенилкетонурия, гипотериоз, қояншық, миастения, церебралдық сал, гемофилия, отит, стоматит, энтеробиоз, теміртапшылықты анемия, ішектің жіті инфекциясы.

   1 жасқа дейін балалар абсолюттік және салыстырмалы медицина мен әлеуметтік көрсетулер бар болғанда тамақпен қамтамасыз етіледі.

1 жасқа дейін баланы ерте қолдан қоректендіруге ауыстыру үшін:

-әлеуметтік факторлар: бала асырап алу

-емшек беретін ананың денсаулығының жағдайы: АҚТҚ-жұқпасы, туберкулездің белсенді түрі, галактоземия, фенилкетонурия, «үйеңкі сироп» ауруы

    1 жасқа дейін баланы ерте қолдан/аралас қоректендіруге ауыстыру үшін:

-әлеуметтік факторлар: көпұрықтылық жүктіліктен балалар, күндізгі оқыту түрімен оқу мекемелердің студенттер аналарының балалары, аналардың стационарлық емделуі.

-емшек беретін ананың денсаулығының жағдайы: қан өндіретін аппараттың қанының ауруларының ауыр түрлері, қатерлі онкологиялық аурулар, жіті жүйке аурулар (психоз немесе босанғаннан кейінгі ауыр депрессиялар), бүйрек функциясының жеткіліксіздігінің дамуымен бүйректердің ауыр түрінің ауруы, жүрек-қантамырлық жүйесінің декомпенсациясымен қоса берілген жүректің туа біткен және жүре пайда болған кемістіктері, ананың ірінді-сепсистік аурулары, аллергиялық ауыр түрі аурулар, гипогалактияның алғашқы түрлері.

   Диспансерлік есепте тұратын, балалар мен жасөспірімдерге дәрілік заттар рецепт бойынша тегін келесі ауруларда босатылады: теміртапшылықты анемия, асқазан мен ұлтабардың ойықжара ауруы (асқазанның және ұлтабар ойықжарасы), бронх демікпе, созылмалы бронхит, пневмония, гемофилия.

   Ересектерге дәрілік заттар тұрғындардың жекелеген санаттарының әлеуметтік-маңызды ауруларымен  тегін рецепт бойынша босатылады:

онкологиялық аурулар, жүйке аурулар, эпилепсия, бронх демікпе, туберкулез, қант және қантсыз диабет, Паркинсон ауруы, гемофилия, миастения, гипотиреоз, ревматоид артриті және дәнекер тіннің жүйелі зақымдар, күшею гломерулярлық аурулар, акромегалия, гипофиздің гормон ісіктері, жүректің протезделген қақпақшасымен науқастарға, телімсіз ойықжаралы колит және Крон ауруы, гипопаратиреоз, тиреотоксикоз,  гипотиреоз, гепатомидың дистрофиясы, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы, пневмония, ойықжара ауру, созылмалы жүрек кемістігі, аритмия. 

ӨЗІҢІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҢЫЗ!

БІЗ СІЗДІ КҮТЕМІЗ ЖӘНЕ СІЗГЕ КӨМЕКТЕСУГЕ

ҚУАНЫШТЫМЫЗ!