Біздің Борышымыз
Заманауи алдын алу, диагностикалық, емдеу және медициналық-әлеуметтік технологиялар негізінде сапалы медициналық көмек көрсете отырып, барлық отбасының денсаулығын сақтауға және күшейтуге ықпал жасау.
Емхананың қызметінде болатын басты бағыттар:
-
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу
-
Қант диабетінің алдын алу
-
Онкологиялық аурулардың алдын алу
-
Туберкулездің алдын алу
-
АИТВ инфекциясының алдын алу
-
Бала көтеретін жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту
-
Санитарлық білім беру және салауатты өмір салтын насихаттау
№6 емхана басшылығы сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін тұрақты көтеруде, қойылған міндеттемелерді іске асыру үшін тиісті жағдайларды жасау бойынша міндеттеме қабылдайды.
Аралас үлгідегі №6 емхана – заманауи медициналық мекеме, Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы 149 мекенжайы бойынша жаңа 6 қабатты ғимаратта орналасқан. Алдыңғы қатарлы емдеу-диагностикалық жабдықтармен жабдықталған мекемеде 35 дәрігер және 47орта медициналық қызметкерлер еңбек етеді.
Емхананың ауысымдағы жоспарлы қуаты 350 келіп кетуге тең. Емхананың жалпы тәжірибедегі дәрігерлері, терапевтері, педиатрлары және акушер-гинекологтары бекітіліп берілген халыққа тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында амбулаториялық жағдайда және үйде жастарына қарамастан білікті амбулаториялық-емдік, стационардың орнын басатын медициналық көмек көрсетеді.
Қызмет көрсету аумағы: Дальняя ауданы, Теміржолшылар кенті, Путрема, 648 шақ, 652 шақ. Қызмет көрсету аумағының радиусы 10 шақырымға дейін.
Емделушілерге арналған ақпарат