Диспансерлеу дегеніміз не?
Диспансерлеу созылмалы жұқпалы емес ауруларды ертерек анықтау мақсатында, оның ішінде бірнеше мамандық дәрігерлерімен медициналық тексеру және тексерудің қажетті әдістерін қолдануда кешенді іс-шаралар жүргізу болып табылады.
Диспансерлеу неге керек?
Диспансерлеуді жүйелі түрде өту біздің еліміздің халқының мүгедектігі мен өлім-жітімінің негізгі себебі болатын қауіпті аурулардың даму мүмкіндігін азайтуға немесе оларды емдеу аса тиімді кезінде дамудың ертерек кезеңінде анықтауға елеулі дәрежеде көмегін тигізеді.
Диспансерлеу қалай өтеді?
Диспансерлеуді өткізудің негізгі қағидасы оны екі кезеңде өткізу:
-Бірінші кезең – ол азаматтарда созылмалы жұқпалы емес аурулардың және олардың дамуының тәуекелдік факторларының белгілерін анықтау.
-Екінші кезең – диагнозды нақтылауға және алдын алу кеңестерін тереңдетуге қосымша тексеруді талап етеді.
Диспансерлеу кезінде тексеру және зерттеу тізбесі аса кең және өзіне маман дәрігерлердің тексерулерін қоса, барлық мүмкін болған талдауларды кіргізеді. Бұдан басқа, Сіздің көңіл күйіңіз және бойыңызда бар зиянды әдеттеріңіз туралы Сізден арнайы сауалнама толтыруыңызды сұрайды.
Диспансерлеу қанша тұрады?
Диспансерлеу ТЕГІН өткізіледі.
Емделуші диспансерлеуді алғашқы медициналық-санитарлық көмекті алатын тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеде өтеді.
Диспансерлеуді өтудің кезеңдері:
ҚР ДМ 2012 жылғы 26-шы желтоқсандағы №885 бұйрығымен бекітілген диспансерлеуге жататын анықталған аурулар тізбесі бар. Егер Сіздің ауруыңыз осы тізбеге кірсе, онда Сіз учаскелік ЖТД жүгінуіңіз керек.
Қажеттілікке байланысты ЖТД қосымша тексеруді және салалық мамандардың кеңесін тағайындайды. Емделушінің жағдайын анықтау үшін қажетті қосымша зерттеулерді өткен соң ол салалық бағыттағы маманмен тексеріледі. Салалық бағыттағы маман емделушінің жағдайына баға береді және әрі қарай жүргізу тәсілін анықтайды: стационарлық емдеуге жолдама береді немесе емделушіні емдеуде түзетулер енгізілген соң әрі қарай ЖТД диспансерлік бақылауға жібереді. ЖТД жүргізілген емдеудің жағымды өзгерісі болса әрі қарай диспансерлік бақылауды өткізеді, жағымды өзгеріс болмаған кезде ЖТД емделушіні арнайы бөлімшеге стационарлық емделуге жібереді. Стационардан шыққаннан кейін емделуші қайтадан ЖТД барады, ол диспансерлік бақылаудың әрі қарай жоспарын анықтайды және әрі қарай диспансерлік тексеру үшін емделуші туралы СМР мәліметтерін береді. ЖТД диспансерлік есепте тұрған, бала көтеретін жастағы емделушілермен аурудың ағымын және алынған фармакотерапияны есепке ала жүктілікті жоспарлау сұрақтары бойынша тұрақты жеке жұмыстар өткізеді.
Негіздеме:
«Аурулардың созылмалы түрлерімен ауыратындарды диспансерлеу хаттамаларын (стандарттарын) бекіту туралы» ҚР ДМ 2012 жылғы 26-шы желтоқсандағы №885 бұйрығы.