«Семей қаласының
№ 6 емханасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Абай облысы, Семей қ., Шәкәрім даңғылы 149

mu_pst6@bk.ru
www.pst6.kz

8(7222) 50-63-33
8(7222) 50-50-03
8(7222) 50-68-63

Бас дәрігердің блогы

Клиниканың жетекшісі - жоғары санаттағы дәрігер Қаметова А.М.

Науқастарды қолдау жүйесі

Қызмет көрсету тәртібі.

Сұрақ-жауап

Біз сайтқа келушілер жіберген сұрақтарға жауап береміз.

Екпелер. Екпелер күнтізбесі.

            Ауруды кейіннен емдегенше алдын алған жеңіл екені барлығымызға белгілі. Әсіресе оның сары ауру, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және бірқатар басқалары сияқты ауыр инфекцияларға қатысты. Осы аурулардың алдын алу мақсатында бүкіл әлемде вакцинация жүргізіледі. Қазақстан да одан қалған жоқ.

       Қазақстанда балаларға қандай екпелер жасалады? Балаларға вакцинация қай жаста жүргізіледі? Перзентханада жаңа туған сәбилер қандай екпелер алады? Баланы екпеге қалай дұрыс дайындау керек? Вакцинаға әсер қандай болуы мүмкін? Қазақстанда барлық ата-аналарды осы сұрақтар толғандырады.

       Осы сұрақтарға жауап беруге тырысып көрейік.

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2009 жылғы №2295 Қаулысына сәйкес балаларға жоспарлы алдын алу екпелері Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Барлық міндетті екпелер бюджеттік қаражаттар есебінен тегін жасалады.

Екпеге рұқсатты қалай алу керек

1. Екпе алу үшін міндетті шарт – баланың дені сау болу керек.

2. Екпенің алдында баланы міндетті түрде емдейтін дәрігер-педиатр қарайды. Жалпы клиникалық көрсеткіштердің (дене қызуы, шағымның болмауы) ғана емес, сондай-ақ анасының пікірінің маңызы аз емес – егер сәби жаман ұйықтаса, шәркезденсе, тәбетінде, жүріс-тұрысында өзгерістер болса, онда екпені әзірше кейінге қалдырған жақсы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қарсы алдын алу екпелерін жұргізуге аурулар тізбесін, оларды өткізу ережелері және жоспарлы екпелерге жататын халықтың тобын бекіту туралы» 30.12.2009 жылғы №2295 Қаулысы (12.02.2013 өзгертулері және толықтыруларымен).

Моновакциналар                  АДС-М – дифтерияға, сіреспеге қарсы;

                                               БЦЖ – туберкулезге қарсы;

                                               Пневмо – пневмококтык инфекцияға қарсы;

                                               ВГВ – В вирусты гепатитіне қарсы;

                                               Полио – полиомиелитке қарсы

                                               – оралды/инактивированды;

Біріктірілген вакциналар     ККП –қызылша, қызамық және эпидемиялық

                                              паротитке қарсы;

АбКДС+ХиБ+ВГВ+ИПВ–жасушасыз көкжөтел компоненттері бар көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, В вирусты гепатитіне, b үлгісіндегі гемофильді инфекциясына қарсы және инактивированды полиовакцина;

АбКДС+ХиБ+ИПВ - жасушасыз көкжөтел компоненттері бар көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, b үлгісіндегі гемофильді инфекциясына қарсы және инактивированды полиовакцина.