«Семей қаласының
№ 6 емханасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Абай облысы, Семей қ., Шәкәрім даңғылы 149

mu_pst6@bk.ru
www.pst6.kz

8(7222) 50-63-33
8(7222) 50-50-03
8(7222) 50-68-63

Бас дәрігердің блогы

Клиниканың жетекшісі - жоғары санаттағы дәрігер Қаметова А.М.

Науқастарды қолдау жүйесі

Қызмет көрсету тәртібі.

Сұрақ-жауап

Біз сайтқа келушілер жіберген сұрақтарға жауап береміз.

Подготовка к анализам

Аса дәлдік және нәтижелердің анықтығын қамтамасыз ету үшін алда тұрған зертханалық зерттеуге арналған дайындық ережелерін қатаң ұстану қажет.

  • Емделуші қан алғанға дейін 12 сағат бойы тамақ қабылдамауға тиіс
  • Егер емдеуші дәрігердің нақты нұсқамасы болмаса дәрілік заттарды қабылдауды алып тастаған жөн
  • Көктамырдан қан өткізердің алдында майлы тамақты қабылдауды, 1 тәулік бұрын ішімдік ішуді алып тастау және тексеруге 2 сағат қалғанда темекі тартпау қажет, сондай-ақ талдау өткізудің қарсаңында эмоциялық күйзелісті болдырмаған жөн.
  • Зерттеуге 3 күн қалғанда физикалық жүктемені алып тастау қажет
  • Рентгендік сәуле шығаруды және аспаптық зерттеуді болдырмау керек
  • Қан алғанға 15-30 минут қалғанда емделуші эмоциялық тыныштықта болуы керек
  • Алынатын қанның мөлшері талап етілген талдаулардың санына байланысты
  • Глюкозаға талдау қатаң түрде аш қарынға өткізіледі, ең әуелі ішуге және тіс тазартуға да болмайды, 3 тәулік бойында көмірсудың төмен құрамы бар емдәмді ұстану қажет, зерттеуге 10-16 сағат қалғанда тамақ  ішуді тоқтату керек.
  • ПСА-талдау массаждан, простатаны саусақпен тік ішекті тексеруден, трансректалды УДЗ, биопсиядан, лазерлі терапиядан, эргометриядан, цисто- және колоноскопиядан және простатаға басқа кез келген механикалық әсерден 6-7 күн өткен соң орындалады
  • Инфекцияға қанды тәуліктің кез келген уақытында 4 сағаттан кем емес аш қарынға алуға болады.

Несепті өткізуге дайындық ережелері

Зерттеудің анықтығы үшін дәріханадан несеп жинау үшін арнайы контейнер алу қажет

  • Талдау өткізгенге бір тәулік қалғанда несептің түсін өзгертетін тамақтарды тұтынуға болмайды (қызылша, сәбіз, шие, түсті әшекейлі кәмпиттер)
  • Талдау үшін материалдарды жинау алдында – сыртқы жыныс органдарын мұқият гигиеналық тазалау
  • Алғашқы таңғы несеп өткізіледі, бұл жерде ең бірінші бөліктері туалетке құйылады
  • Ыдыс толтырылғаннан кейін қақпақпен тығыз жабылады

Әйелдерге етеккір циклы кезінде несепті талдауға өткізуге ұсыныс берілмейді.

Үлкен дәретті дисбактериозға талдауға өткізуге дайындық

  • Ішек дисбактериозына талдау өткізуге3-4 күн қалғанда, егер дәрігер басқаны нұсқамаса, антибиотиктерді қабылдауды тоқтату қажет.
  • Зерттеуді антибиотикотерапия басталғанға дейін өткізген жөн. Егер препаратты алып тастау мүмкін болмаса, онда үлкен дәретті антибиотикті ақырғы қабылдау сәтінен 12 сағаттан кем емес уақытта алу ұсынылады.
  • 2-3 күн қалғанда тік ішек тығындәрісін, іш өткізгіш препараттарды алып тастау қажет
  • 2-3 күн қалғанда ішек флорасы (эуботикалар) құрамдас препараттарды қолданбау керек
  • Үлкен дәрет клизманы қолданғаннан кейін зерттеуге жарамсыз
  • Үлкен дәретті талдау үшін «кештен» бастап қатырып қоюға болмайды: зерттеуге «таңғы» үлкен дәрет қажет
  • Объективті емес нәтижелерді болдырмау үшін үлкен дәретті алуға дәріханадан кішкентай қасығы бар зарарсыздандырылған арнайы бір мәртелік ыдыс алуға болады
  • Үлкен дәретті алу үшін кіші дәретті сындыру қажет (әрі қарай несеп үлкен дәретке түспеуі үшін)
  • Астына қоятын әжет сауытты (қыш құмыра, кішкене шелек, теген) кез келген зарарсыздандыратын ерітіндімен тазалау, ағынды сумен бірнеше рет жуып, қайнап тұрған сумен шаю қажет
  • Әжет сауытына босатқан соң зарарсыздандырылған контейнерге арнайы кішкентай қасықтың көмегімен ыдыстың 1/3 бөлігінен асырмай салып, қақпақпен тығыздап жабу керек
  • Егер астына қоятын әжет сауытын пайдалану мүмкін болмаса, онда үлкен дәретті унитаздан алуға болады. Бұл кезде үлкен дәреттің унитаздың қабырғасына және суға тимеген бөлігін алу қажет
  • Үлкен дәретті зертханаға жеткізуге ұсынылатын мерзім – 3 сағаттан аспауы керек.

УДЗ ДАЙЫНДЫҚ

       Дұрыс дайындық кезінде тіндерді визуализациялау анық және әдіс сапасы анағұрлым жоғары болады.

Құрсақ қуысы органдарының УДЗ

Зерттеуге 2-3 күн қалғанда қоқыссыз емдәмге көшу ұсынылады, рационнан ішектерде газдың пайда болуын күшейтетін тамақтарды (шикі көкөністер,

өсімдік жасұнығына бай, қаймағы алынбаған сүт, қара нан, бұршақ тұқымдастар, газдалған сусындар, сондай-ақ жоғары калориялы кондитер бұйымдары – тәтті нандар, торттар) алып тастаған дұрыс.

       Осы уақыт аралығында іштің кебуінің пайда болуын азайтуға көмектесетін ферменттік препараттарды және ас ішектен сорылатындарды (мысалы, фестал, мезим-форте, белсендірілген көмір немесе күніне 3 мәрте 1 таблеткадан эспумизан) қабылдаған абзал.

Құрсақ қуысы органдарының УДЗ аш қарынға өткізген дұрыс, егер зерттеуді таңертең өткізуге мүмкіндік болмаса, жеңіл таңертеңгілік ас ішуге болады.

       Зерттеуге дейін темекі тартуға болмайды.

       Егер Сіз дәрілік заттарды қабылдап жүрсеңіз, ол туралы УДЗ дәрігеріне ескертіңіз. Зерттеуді гастро- және колоноскопиядан кейін жүргізуге болмайды.

Кіші жамбас органдарының УДЗ

Әйелдерде кіші жамбас органдарының УДЗ екі әдіспен өткізіледі:

трансабдоминалды – қуықтың толып тұрған кезінде жүргізіледі, сондықтан зерттеуге дейін 3-4 сағат ішінде кіші дәретке бармау және процедураға дейін 1 сағат қалғанда 1 л газдалмаған сұйықтық ішу қажет. Зерттеу қарсаңында тазалау клизмасы қажет.

трансвагиналды –зерттеуге арнайы дайындық қажет емес. Бұл жағдайда толып тұрған қуықзерттеуді жүргізуге кедергі жасап, босатылуын талап етеді. Аталған зерттеу ерте мерзімде жүктілікті анықтау үшін пайдаланылады.

Қуықалды безінің УДЗ

Қуықалды безінің УДЗ екі әдіспен өткізіледі:

трансабдоминалды – қуықтың толып тұрған кезінде жүргізіледі, сондықтан зерттеуге дейін 3-4 сағат ішінде кіші дәретке бармау және процедураға дейін 1 сағат қалғанда 1 л газдалмаған сұйықтық ішу қажет.

тік ішектік (ТРУДЗ) – аталған әдіс қуықалды безін тексеру кезінде негізгісі болуы керек. ТРУДЗ үшін қуықтың толықтығы қажет емес. Зерттеу қарсаңында тазалау клизмасы қажет.

Қуықтың УДЗ

Еркектерде және әйелдерде зерттеу қуықтың толып тұрған кезінде жүргізіледі, сондықтан зерттеуге дейін 3-4 сағат ішінде кіші дәретке бармау және процедураға дейін 1 сағат қалғанда 1 л газдалмаған сұйықтық ішу қажет.

Сүт бездерінің УДЗ

Сүт бездерін зерттеуді етеккірлік циклдың алғашқы 10 күнінде өткізген дұрыс. 

Қалқанша бездің УДЗ

Зерттеуге арнайы дайындық қажет емес.

Бүйректердің УДЗ

Зерттеуге арнайы дайындық қажет емес.

КОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ

Колоноскопияға дайындық зерттеуге екі-үш күн қалғанда:

-көкөністерді (картоптан басқасы), шикі және кептірілген жемістер мен жидектерді, сондай-ақ  олар құрамында бар тамақтарды, барлық әртүрлі көкөністерді (аскөк, ақжелкен, салат және т.б.);

-барлық құрамында дәні бар өнімдерді (тұтас дән, кебек, ұсақталған дән құрамдас, жаңғақтар, көкнәр, кокос жаңқасы және б.)тамаққатұтынуға болмайтын қоқыссыз емдәмді сақтаудан басталады.

Ұсынылған емдәм: тауық, ірі қара мал еті, бұзау еті (котлет, жентектелген ет түйірлері түрінде болғаны жөн), майлы емес балық, қабықсыз картоптан тағамдар, жұмыртқалар, ақ нан (қосымшасыз), макарон бұйымдары, ұнтақ және сұлы жармасының ботқалары, ірімшік, май, сүзбе, йогурттар (құрамында қосымшалары жоқ), ақ ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, шоколад, балмұздақ, тәттілер (қант, бал, зефир және б.). Егер сіз мол ішу қарсы көрсетілген аурумен ауырмасаңыз жеткілікті сұйықтық (2,0-1,5 л) ішу ұсынылады. Ол газдалмаған су, мөлдірлетілген шырындар, майлы емес сорпалар, бал немесе қант қосылған шай және б. болуы мүмкін.

Егер сіз іш қатудан зардап шексеңіз, дәрігер тағайындаған іш өткізетін заттарды күнделікті қабылдауыңыз қажет.

Зерттеу қарсаңындағы күн

Таңертең: жеңіл таңғы ас (ұнтақ, сұлы жармасы ботқалары), йогурт, ақ нан, ірімшік, май, сүзбе, ақ ұннан жасалған қосымшалары жоқ кондитерлік бұйымдар, шоколад, балмұздақ және б.). Күн бойында 16.00-17.00-ге дейін қосымша 1,5 л кем емес мөлдір сұйықтық ішуге болады.

Таңғы астан кейін және зерттеу аяқталғанға дейін қатты тамақ қабылдауға болмайды, мөлдір сұйықтықтарды ішу керек (мысалы, шай, сорпа, мөлдірлетілген шырындар).

Түскі ас: Сағат15.00-тен кешіктірмей кішкентай бір жапырақ ақ нанмен сорпа ішуге болады. 17.00-ден бастап зерттеу қарсаңындағы күні ішекті тазалау үшін препараттарды қабылдау басталады.

Фортранс препаратымен дайындық.

Егер колоноскопия уақыты 10-нан 14 сағат аралығында болса, онда сізге екі кезеңді үлгі сай келеді.

-Зерттеуге дейін бір тәулік қалғанда таңғы асқа рұқсат етілген тізімнен кез келген тамақты тұтынуға болады, сол күні 13.00-ге дейін рұқсат етілген тізімге сәйкес жеңіл түскі ас, кешкі асқа – тек рұқсат етілген сұйықтықтар.

-20.00-ден 21.00-ге дейін Фортранс препараты ерітіндісінің бірінші литрін қабылдау қажет.

-Колоноскопия күні таңғы 6-дан 7-ге дейін препарат ерітіндісінің екінші литрін қабылдау керек.

-Препараттың әрбір қабылданған литрінен кейін 500 мл рұқсат етілген сұйықтықты ішуді ұмытпаңыз.

Препаратты қабылдауды бастағаннан бастап зерттеу аяқталғанға дейін қатты тамақтарды тұтынудың керегі жоқ.

Егер колоноскопия 14 пен 19-дың арасында тағайындалса, онда бір кезеңді таңертеңгілік үлгі жарайды:

-Зерттеуге дейін бір тәулік қалғанда таңғы ас және түскі асқа рұқсат етілген тізімнен кез келген тамақты тұтынуға болады.

-18.00-ге дейін рұқсат етілген тамақтар тізіміне сәйкес жеңіл кешкі ас.

-Колоноскопия күні тек рұқсат етілген сұйықтықтар. Таңертең 8-ден 9-ға дейін препарат ерітіндісінің бірінші литрін қабылдау. Таңертең 10-нан 11-ге дейін препарат ерітіндісінің екінші литрін қабылдау.

-Препараттың әрбір қабылданған литрінен кейін 500 мл рұқсат етілген сұйықтықты ішуді ұмытпаңыз.

Жалпы ұсыныстар:

Препараттың ерітіндісін 15 минут сайын 250 мл бөлшектеп қабылдау қажет. Дайындалған ерітіндіні мұздатқышта сақтаңыз. Қажет болған жағдайда препаратты қабылдау уақыты көрсетілген уақыт аралықтарын сақтап түзетілуі мүмкін.

Созылмалы іш қату кезінде емдәмді колоноскопияға дейін 5 күн бұрын бастау керек. Осы кезеңде кәдімгі іш өткізетін препараттарды қабылдауды жалғастыру керек. 6-10 күнге дейін іш қату кезінде іш өткізетін препараттың дозасын екі есеге көбейту талап етіледі.

Маңызды:Препаратты қабылдауды процедура басталғанға дейін 3 сағаттан кем емес уақытта тоқтату қажет.

ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН, ТОҚ ІШЕКТІ САПАЛЫ ДАЙЫНДАУ ҚАЖЕТТІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУДІ ТАБЫСТЫ ӨТКІЗУДІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ҚЫРЫ.