Құрметті емделушілер!
Азаматтарды «Семей қаласының №6 емханасы» ЖШС-не бекіту ережелері мен тәртібімен танысуларыңызды сұраймыз
1.Бекіту – алғашқы медициналық-санитарлық көмек (әрі қарай – АМСК) ұйымдарының тегін медициналық көмек кепілдігі көлемінің аясында оны алуға азаматтардың құқықтарын іске асыру бойынша міндеттемелерін тіркеу.
2. Азаматтарды АМСК ұйымдарына бекіту бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық мекемені өз еркімен таңдауын есепке ала тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері, жұмысы, оқуы бойынша жүргізіледі.
3. Азамат тек бір ғана АМСК ұйымына бекітілуі мүмкін.
4.АМСК ұйымына азаматтың тіркелуі туралы куәландыратын құжат бекіту талоны болып есептеледі.
5. АМСК ұйымына бекіту АМСК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес жыл сайын бірінші қарашадан отызыншы қараша бойынша еркін үлгідегі өтініш және жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, төлқұжат, тууы туралы куәлік, Қазақстан Республикасы заңдарымен көрсетілген тәртіпте берілген басқа да құжаттар) негізінде жүргізіледі.
6. АМСК ұйымдары тіркеуді азаматтардың өз еріктерімен жүгінген кезінде жүргізеді.
7. АМСК ұйымдарына денсаулық жағдайлары бойынша өз еркімен баруға мүмкіндіктері болмаған тұлғалар олардың жазбаша өтініштері бойынша бекітілуі мүмкін.
АМСК ұйымдарына азаматтарды тіркеу өзгерістері былай жүргізіледі:
- тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері, жұмысы, оқуы өзгергенде, сондай-ақ АМСК ұйымдарының қайта құрылуы немесе таратылуы жағдайларында;
- Азамат өз еркімен дәрігерді және медициналық мекемені таңдаған кезде жылына бір мәртеден жиі емес.
АМСК ұйымдарына бекітуді азамат өз еркімен таңдаған кезде оған үйде
қызмет көрсету аталған ұйымның мамандарымен алдын ала ескертіледі және талонда көрсетіледі.
ЖОСПАРЛЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗУ ТӘРТІБІ
Жоспарлы ауруханаға жатқызу – ол емделушіні шұғыл дәрігерлік араласуды талап етпейтін созылмалы ауруларға көрсетілімдері болса (анықталған жағдайда) және өмір үшін қауіпсіз жағдайларда дәрігермен стационарға емделуге жіберу.
Жоспарлы ауруханаға жатқызу емделушінің медициналық мекемені өз еркімен таңдауын есепке ала бірнеше күннің ішіндеАуруханаға жатқызу Бюросы порталы арқылы жүргізіледі.
Ауруханаға жатқызу Бюросы порталы – тегін медициналық көмек кепілдігі көлемі аясында емделушілердің стационарға жоспарлы ауруханаға жатқызу жолдамаларын электронды тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірегей жүйесі.
Жоспарлы ауруханаға жатқызу үшін қажет:
1 қадам – бекіту орны бойынша дәрігерге бару;
2 қадам – емхана жағдайында ең төменгі тексерулерді (қажеттілерін) өту;
3 қадам – дәрігермен жоспарлы ауруханаға жатқызуға көрсетілімдер анықталған кезде Сіз бос төсектердің барлығын есепке ала медициналық мекемені таңдауда дәрігермен кеңесуіңіз қажет;
4 қадам– сіздің мәліметтеріңізді дәрігер Ауруханаға жатқызу Бюросы порталына кіргізеді және қолыңызға «Жоспарлы ауруханаға жатқызу талонын» береді, онда бар кодпен Сіз www.bg.eisz.kzсайтында өзіңіздің жоспарлы ауруханаға жатқызу кезегін тексеріп отыруға, сондай-ақ стационарда бос төсектің барлығы туралы мәліметті көре аласыз. Мәліметтер қатаң құпиялы.
5 қадам– порталға тапсырыс тіркелгеннен кейін стационар 2 күннің ішінде алдын ала жоспарлы ауруханаға жатқызу күнін анықтайды.
6 қадам– стационармен ауруханаға жатқызу күні анықталғаннан кейін дәрігер Сізге жоспарлы ауруханаға жатқызу Жолдамасын береді. Жолдаманы Сіз өз еркіңізбен емдеуші дәрігерден немесе оны үйге жеткізу жолымен ала аласыз.
7 қадам–ауруханаға жатқызуды күту кезеңінде Сіз емдеуші дәрігердің бақылауын жалғастырасыз. Бақылаудың үздіксіздігі міндетті.
8 қадам– Сіз ауруханаға жатуға жолдамада көрсетілген мерзімде баруға міндеттісіз.Алдын ала білмейтін жағдайлар (басқа жіті аурудың пайда болуы, жол жүру, билеттің жоқтығы және т.б.) шығып қалған кездеСіз учаскелік дәрігерге хабар беруіңіз қажет.
Стационарға жоспарлы ауруханаға жатқызу кезінде емделушіге келесі құжаттарды өзімен алып бару қажет:
- Жеке куәлік;
- Барлық талдаулар мен диагностикалық зерттеулердің нәтижелері;
- Ауруханаға жатқызуға талон;
- Жоспарлы ауруханаға жатқызуға жолдама берген медициналық мекеменің мөрі мен бірінші басшысының қолы қойылған ауруханаға жатқызуға жолдама;
- Жоспарлы ауруханаға жатқызуға мерзімі өтіп кеткен талдаулармен (10 күннен асып кеткенде) немесе тексерулердің толық емес тізбесімен емделуші жүгінген жағдайда, сондай-ақ стационарға жатқызуға негізгі ауру түрі сәйкес келмесе немесе ота жасауға қарсы көрсетілімдері болса (отамен емдеуге мұқтаждар), салалық бөлімшенің меңгерушісі емделушінің жоспарлы ауруханаға жатқызылуынан бас тартуға құқығы бар.
Естеріңізде болу қажет, ауруханаға жатқызу барлық құжаттар болмаса мүмкін емес және стационар аурудың ауруханаға жатқызылуынан бас тартуға құқылы.
Жедел ауруханаға жатқызу– ол емделушіге жедел жәрдем дәрігерімен, учаскелік дәрігермен немесе ауруларды қабылдау бөлмесінің дәрігерімен анықталған жіті жедел жағдайларболған кезде стационар жағдайында емделуге жолдама беру.
Жедел ауруханаға жатқызу үшін:
Өмірге немесе айналадағылардың денсаулықтарына қауіп төндіретін кенеттен жіті жағдайлар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босанатын немесе жүктілік кезеңінде жедел жағдайлар орын алған кезде емделуші жедел түрде ауруханаға жатқызылады.
1 қадам– жедел жәрдем дәрігерін шақыру, учаскелік дәрігерді үйге шақыру, бекіту орыны бойынша оған емханаға бару немесе тікелей стационардың ауруларды қабылдау бөлмесіне жүгіну;
2 қадам– дәрігер (жедел жәрдемнің, емхананың) жедел ауруханаға жатқызуға көрсетілімдерінің барлығын анықтайды және тиісті салалық стационарға жолдама береді;
3 қадам– жедел ауруханаға жатқызу жолдамасымен тасымалдау жедел жәрдем машинасымен, санитарлық авиациямен немесе жеке көлікпен жүргізіледі;
4 қадам– жедел ауруханаға жатқызу жағдайында медициналық көмек стационарлық медицина ұйымдарымен өкілетті аумақтық денсаулық сақтау органымен белгіленген тәртіпте көрсеіледі.
Үлестемелерді беру тәртібі
ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы18-ші қыркүйектегі №193-IV Кодексіне сәйкес ТМККК Қазақстан азаматтарына және оралмандарға мемлекеттік бюджет есебінен көрсетіледі және өзіне жедел медициналық көмек көрсету аясында алдын алуды, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді, емханалар мен стационарларда халыққа қызмет көрсетуді кіргізеді. Сондай-ақ жоғары мамандандырылған медициналық көмекті (ЖММК) де тегін алуға болады.
ЖММК көрсету тәртібі туралы емделушіжоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету Ережелерімен танысып білуіне болады. Аталған құжат ҚР денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20-шы желтоқсандағы №986 бұйрығымен бекітілген, және онда оны іске асыруға жауапты ұйымдардың қалай өзара әрекеттесуі керек екені көрсетілген.
Үлестемені Қазақстанның кез келген азаматы пайдалана алады. Ұлттық денсаулық сақтаудың Бірегей жүйесі (ҰДБЖ) енгізілгеннен кейін емделушілер стационарды өздері таңдай алады. Ол үшін алдымен тіркеу нөмірін алу керек, сонан соң ауруханаға жатқызудың Республикалық бюро сайтында www.bg.eisz.kz бос орындарды өздігімен қадағалау қажет.
Жоғары білікті көмекті алуға емделушінің тек отандық ауруханаларда және орталықтарда ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тысқары жерлерде де алуына мүмкіндігі бар екенін атап өту керек.
ҚР азаматтарының мемлекет есебінен шетелге емделуге жолдама алулары үшін аурулар тізбесіне кіретіндері:
- Радиохирургия әдісімен емдеуді (гамма-пышақ) талап ететін күретамыр-көктамырлық мальформациялар және ісіктер;
- Ми бағаны тамырларының, жұлынның күретамыр-көктамырлық мальформациялары және тамыр ішінде емдеу үшін артериалдық аневризмдер;
- Трансоралды алып тастау үшін бас сүйек негізінің ісіктері;
- Радиохирургиямен емдеуді (гамма-пышақ, радиоактивтік аппликаторлар) талап ететін көздің жаңадан пайда болған қатерлі өспелері;
- Кератопротезирование;
- Көмейдің тарылуы;
- Кеңірдектің тарылуы.
Үлестеме берілетін азаматтардың жекеленген санаттары
1.0-ден 18 жасқа дейінгі балалар, көрсетілімдері бар болса және оларға қатысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностикаға және емдеуге барлық рұқсат етілгенәдістердіқолданумен емдеу тиімділігі жағымды болмаған.
2.Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырулары бойынша қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр жарақаттар және мертігулер алған құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметкерлері, оларға қатысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностикаға және емдеуге барлық рұқсат етілген әдістерді қолданумен емдеу тиімділігі жағымды болмаған.
Бұдан басқа, шетелге емделуге үлестемені жүректі, бүйректерді, бауырды және сүйек кемігін ауыстыруға мұқтаж адамдар да алуы мүмкін. Басымырақ тәртіптешетелге емделуге үлестеме балаларға, жүкті әйелдерге және ауыстыруда туыстық қан берушісі бар емделушілерге беріледі.
Түбегейлі ақпаратты, сондай-ақ өзекті мәселеге қатысты барлық ерекшеліктерді қазақстандықтар http://egov.kz/ және http://mz.gov.kz сайттарының тиісті тарауларынан алуға болады.
Ауруханаға жатқызудың республикалық бюросы туралы
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА! Емделуші тіркеу нөмірін алғаннан кейін ҚР ауруханаларында ауруханаға жату үшін бос орындарды (төсектерді) ауруханаға жатқызудың Республикалық бюросының http://www.med-emer.kz/cdb/8/ сайтында өздігімен қадағалауына болады.